Баку ТМД авиация комитетінің ұшақ апатын тексеру туралы ұсынысын қабылдамады – БАҚ

Ұшақ апатынан кейін Ресей мен Қазақстан оқиғаны ТМД халықаралық авиация комитетіне тексерту туралы ұсыныс жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әзербайжанның бұл ұсыныстан бас тартқанын Үкіметтік ақпарат көздері хабарлады.

Ресми Баку оқиғаны халықаралық сарапшылар тобы мен Embraer мамандарының тексергенін талап етіп отыр. Әзірбайжан «қара жәшікті» де халықаралық сарапшылар мен Embraer мамандары ашуы тиіс деп санайды. 

Әзірбайжан парламентінің депутаты Расим Мұсабеков Ресей тарапы Әзербайжанның азаматтық ұшағына әуе шабуылына қарсы шабуыл жасағаны үшін кешірім сұрауы керек деп мәлімдеген болатын. 

2024 жылы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында Баку – Грозный бағытында ұшып бара жатқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer-190 әуе кемесі апатқа ұшырады.

Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті