Бақауовты үйқамаққа ауыстырады

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов «қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыппен екі айға тергеу изоляторына қамалған болатын. Енді ол сотқа дейін үйқамақта отырады.

Алматы, NEGE. Павлодар облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бақауовты үйқамаққа ауыстыру туралы өтінімді ҰҚК Тергеу департаментінің тергеушісі жасаған. Құжатта күдікті Бақауовты үйқамақта ұстау мүмкіндігі көрсетілген және бұл шешім Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі басшысымен келісілген. 18 ақпанда сот өтінімді қанағаттандырды.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді