Бақауовты неге арнайы жасақ ұстады?

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың не себепті арнайы жасақ ұстағанын түсіндірді.

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқрлықпен күрес қызметінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров Бақауовты не себепті арнайы жасақпен ұстағанын түсіндірді.

«Шешімді ҰҚК қабылдады. Облыс әкімінің саяси қызметкер екені, кіре берісте күзет тұратыны, айналасында ұстауға кедергі келтіретін адамдар болуы мүмкін екені ескерілді. Облыс әкімін күнде ұстап жатқан жоқ қой, кездейсоқ жағдайлар болмас үшін облыс әкімін ұстауға тиісті бөлімшелер тартылды» деді Тастеміров.

Тастеміровтің айтуынша, арнайы жасақ күдікті дәлелді жойып жібермеуі үшін де керек екен. «Бұл – заңды әрі қажет шешім» дейді департамент басшысы.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды