Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген сатушылар айыппұл арқалады

Әлеуметтік тауарлар бағасын негізсіз көтерген сатушыларға 50,8 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Pixabay

Астана, NEGE. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында «Жұлдыз» жеке кәсіпкерлігі «Илецкая» тұзының килограмын 55 теңгеден сатып алып, 90 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі 63,6 пайызды құрады.

Ұлытау облысында жеке кәсіпкер «Eurasian Foods Corporation» АҚ-дан «Шедевр» күнбағыс майын сатып алып, 1100 теңгеден сатқан. Сауда үстемесі 22,22 пайызға жеткен.

Қостанай облысында жеке кәсіпкер пияздың килограмын 150 теңгеден сатқан, сауда үстемесі 50 пайызды құраған.

Жүргізілген талдау мен комиссиялардың жұмысы нәтижесінде аумақтық департаменттер сауда үстемесін 15 пайыздан жоғары қолданғаны үшін 2438 әкімшілік қаулы қабылдады. Оның ішінде 1267 айыппұлдың жалпы сомасы 50,8 млн теңгеден асты, сондай-ақ 1171 ескерту берілді, – деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі. 

Аталған фактілер бойынша кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты