Азаматтар зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеруге қарсы

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін көтеру туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің сынына ұшырады.

Pixabay.com

Астана, NEGE. 6 сәуірде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ашық НҚА порталында жаңа қаулы жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, елде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Яғни, азаматтардың болашақта тұрақты зейнетақы алуы үшін шоттарында қалуы тиіс ең төменгі сома қайта қаралмақ.

Министрлік бұл өзгерістердің мақсаты – зейнетақы жүйесін тұрақты әрі теңгерімді ету екенін айтады. Есептеулер адамның өмір сүру ұзақтығы мен зейнетақы активтерінің табыстылығы сияқты экономикалық көрсеткіштерге сүйеніп жасалмақ. Ведомство басшысы Асқарбек Ертаев та жеткіліктілік шегін көтеру жоспары бар екенін растады.

Алайда бұл бастама қоғам тарапынан қолдау таппады. Қаулы жобасын шамамен 4,5 мың адам қарап шыққанымен, бірде-бір оң дауыс берілмеген. Пікір қалдырғандар есептеулердің қалай жүргізілгені түсініксіз екенін айтып, өзгерістердің ашықтығына күмән келтіреді. Кейбіреулер талқылау тек формалды түрде өтіп жатыр, ал нақты шешімдер әлдеқашан қабылданып қойған деп есептейді.

Министрлік, өз кезегінде, реформаның басты мақсаты – азаматтарға болашақта лайықты зейнетақы төлеуді қамтамасыз ету екенін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге немесе емделуге пайдалану құқығы сақталады. Бірақ  мемлекет азаматтар зейнетке шыққанда тұрақты төлем ала алуы үшін, олардың зейнетақы шотында жеткілікті қаражаттың сақталуын қамтамасыз еткісі келеді.

Қазір оқып жатыр

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды

Прокурор ерлі-зайыпты Жанабыловтармен қандай келісімге келді?

Балалар лагерьлерін енді ескертусіз тексереді

Ақтауда полицейлер тұрғындарға бет-әлпетті жабу нормаларын түсіндірді