Айыпталушы Ернар Жиенбай Руслан Берденовке аңшы мылтығынан 5 рет оқ атқан

Сотқа айыпталушы Ернар Жиенбай арнайы күзетпен жеткізілді.

әлецметтік желіден

Алматы, NEGE. Іс басталар алдында оның қатты қобалжығаны байқалып тұрды. Ол жұбайы мен анасынан денсаулықтары қалай екенін сұрап, оларды жұбатуға тырысты.

Прокурор айыптау актісін жариялады. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, Ернар Жиенбай аңшы мылтығынан бес рет оқ атқан, артынша тағы бір рет атуға әрекеттенген, алайда оқ-дәрісі таусылып қалған.

Айыпталушы тергеу барысында қысымға ұшырағанын мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін растайтын дәлелдерді сотқа ұсынуға дайын екенін жеткізді.

Судья Қарабаев келесі сот отырысына жәбірленуші Руслан Берденовтің өзі де қатысуы қажет екенін атап өтті.

Келесі тыңдау 6 тамыз күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді