Әйелдер боксынан Қарағандыдағы жарысқа 70 спортшы қатысады

Ертең Қарағандыда бокстан әйелдер арасындағы «Мықтылар турнирі» басталады, деп жазады Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Кеше «Мықтылар турнирінің» техникалық жиыны және жеребе тарту рәсімі өтті.

Жарысқа жалпы саны 70 боксшы тіркелген. Олар еліміздің барлық аймағынан және Ресейден қатысады.

Қарағандыдағы турнирдің басты ерекшелігі – әйелдер боксы бәсекесінің алғаш рет арнайы бас киімсіз өтуінде. Оған қоса бапкерлік кеңес дәл осы жарыста Азия чемпионатына қатысатын боксшыларды қарастырады.

Турнирге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай қатыспайтынын естеріңізге саламыз.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты