Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

BI Group-тың негізін қалаушы Айдын Рахымбаев Қостанай облысынан шыққан математика пәнінің мұғалімі Мұхамеджан Әбішевтің компаниядағы 20 жылдан астам еңбегін бағалап, оған акциялар пакетін табыстады.

Айдын Рахымбаев пен Мұхамеджан Әбішев

Астана, NEGE. Мұхамеджан Әбішев алғашында бұл ұсыныстан бас тартып, жақында зейнетке шығатынын айтып, акцияларды жас әрі болашағы зор мамандарға беруді жөн көрген.

«Алайда біз оның табысты еңбегі, компаниямыз бен қызметкерлеріміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқымыз келетінін түсіндіріп, марапатты қабылдауын сұрадық», – деп жазды Рахымбаев желідегі парақшасында.

Мұхамеджан Әбішев 2000-жылдардың басында Қостанай облысынан Астанаға көшіп келген. Сол кезеңде елордада құрылыс қарқынды жүріп жатқан еді. Жұмыс іздеп жүріп, ол BI компаниясына қарапайым жабдықтау маманы болып орналасады. Кейін өзінің табандылығының арқасында  Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жобаларға жетекшілік еткен. Бұдан бөлек, үш жыл бойы Ташкент қаласындағы компания кеңсесін басқарған.

Қазір оқып жатыр

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді