4 июля 2025 г. 8:50
Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің жартылай финалына өтті.
Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғауда.
Айбек Оралбай 1/2 финалға шығу үшін италиялық Диего Ленциге қарсы айқасты. Нәтижесінде отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша басым түсті.
Осылайша, Айбек Оралбай кем дегенде Әлем кубогының қола жүлдесін Қазақстан құрамасының қоржынына салды.