Айбек Оралбай Астана өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады

Бокстан ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Астана өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңін жеңіспен бастады.

ҰОК

Алматы, NEGE. Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақтың 1/8 финалында Доминикан Республикасының спортшысы Хосе Агустин Трисетпен қолғап түйістірді.

Айбек Оралбай бірінші раундта алған жарақатына қарамастан, керемет бокс үлгісін көрсетіп, жекпе-жектің екінші бөлімінде қарсыласын нокдаунға жіберді.

Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Надежда Рябец (75 келіге дейін) кем деген қола жүлдені қамтамасыз етсе, Серік Теміржанов (60 келіге дейін) ширек финалға жолдама алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты