Автобус жолағына шығатындар көп

Алматы полициясы автобус жолағына шыққан көліктерді бақылау үшін рейд жұмыстарын жалғастырмақ.

Алматы, NEGE. Жыл басынан бері мұндай құқықбұзушылықтың көпшілігі Абай даңғылында – 322 рет, Төле би көшесінде – 301 рет, Райымбек даңғылында 790 рет тіркелген. «Негізінде қалалық полиция экипаждары қоғамдық көлік жолағына шығу туралы құқықбұзушылықтарды үнемі бақылауда ұстап отырады.

Көбінесе жүргізушілер Абай, Райымбек, Төле би көшелеріне көп шығады. Тіпті автобус жолдарында көлігін қойып қоятындар да бар. Бұл жол қозғалысына кері әсерін тигізеді», – деді қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің командирі Манап Саттаров.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты