«Ауруханаға жатып қалдым» – Тұрсынбек Қабатовтың алдағы концерттері 2025 жылға шегерілді

Тұрсынбек Қабатов денсаулығына байланысты ауруханаға түсіп қалғанын әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Алматы, NEGE. Мәлімдемесінде 45 жылдығына орай жоспарланған концерттер 2025 жылға шегерілгені айтылған. 

Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

«Денсаулығыма байланысты ауруханаға жатып қалдым. Сол себепті 45 жас деп жоспарлаған концерттерімді 2025 жылға ауысқанын хабарлаймын.
Өздеріңізді көруге асықпын», - деп жазды Қабатов. 

Ол өзінің не себепті ауруханада жатқанын ашып айтпады. Десе де, бұған дейін әзілкештің басынан ауыр жарақат алып, ауруханаға түскенін алғашқылардың бірі болып жазғанбыз

Оқырмандарымыздың бізге жіберген мәліметінше, басынан ауыр жарақат алған әзілкешке Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханада шұғыл ота жасалған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты