8 Қазан 15:48
...

«Тұрсынбектің басына ота жасалды, Adam-ның некесіз баласы белгілі болды» – Шоу-бизнесте не болып жатыр?

Қабатов
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi

Шоу-бизнесті шусыз елестету мүмкін емес. Қайрат Нұртасты «АЭС-тің құрылысын тойханамен алмастырып алды» деп айыптаған көпшілік оның отбасына қатысты тағы бір жайтты талқылады.

Хитменнің анасы, белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова дүкен ашты. Бірақ көпшілікке сауда нүктесінен бұрын келіні Жұлдыздың келгені қызық болған сыңайлы. Мәселен, «Магазинді қоя берші. Жұлдызды көріп қуанғандар, қайдсыңдар?! Әулетіңмен өсіп-өнгір-ай» деп жазды Гүлзираның Асылзат Қосайқызы есімді  оқырманы.

Айдарбекова
Г.Айдарбекованың инстаграм парақшасынан

Иә, ел арасында «Жұлдыз бен енесі келіспей жүр» деген әңіме біраз уақыттан бері айтылып жүр. Ал продюсердің кейінгі кезде екі келінімен ғана вайн түсіргені көпшіліктің күдігін күшейте түскен. Жұлдыз да қарап қалмады. Енесінің дүкенін толықтай жарнамалап, жеке парақшасына жариялады. Желідегі жұрттың арасында «Жұлдыздың жұлдыз болып жүргені енесінің еңбегі ғой» дегендер де бар.

Көптен үнсіз қалған Қанай жаңа трек жазды. «Түс» деп аталатын туындыны музыкалық кеңістіктерден жүктеуге болады.

әнші
Қанайдың инстаграм парақшасынан

Айта кетейік, отандық арналардағы музыкалық шоулардың біріне қатысып жатқан әнші «Меломен» тобының «О махаббат» әніне кавер жасаған еді. Әнді барлық музыкалық платформаларға жүктеген өнер иесі көпшіліктен тыңдап, өз бағасын берулерін өтінген. Туындыға қатысты пікір білдіргендер арасында «Бұзбашы, әннің сыйын кетіріп», «Әй, оригиналына жетпейді-ау» деп кавердің сәтті шықпағанын меңзегендер табылды.

Нұр
Ақбота-Нұрдың инстаграм парақшасынан

Әріптестері жаппай тұсаукесер жасап жатқанда Ақбота-Нұр шетелге қыдырып кетті. Желіге жүктеген суреттеріне көз жүгірстек, әншінің таңдауы Египетке түскен. Оның қосетек көйлек киіп түскен суретін көрген серілер арасында сұлулығына сұқтанғандар да жоқ емес. Мәселен, бір оқырманы «Туу, осы Ақботаға ғашықпын. Кім екен рахатына батып жүрген?» деп сұрау салған.

Қабатов
domgadalki.ru

Тұрсынбек Қабатов ауруханаға түсті. Оқырмандарымыздың бірінің айтуынша, басынан ауыр жарақат алған әзілкешке Алматы қаласындағы №7 клиникалық ауруханада шұғыл ота жасалған. Дегенмен, бұл ақпар жайлы жары Мөлдір Мұқанова да, «Әзіл әлеміндегі» әріптестері де тіс жармады. Ал ұжымдағы Қанат Әлжаппар мен Қайрат Әділгерей еліміздің шығыс өңірін аралап, шығармашылық сапарда жүр.

әнші
Instagram/ adam_official

Adam атымен таныс Фарух Тоқтамұратовтың некесіз баласы бар болып шықты. «Астарлы ақиқат» бағдарламасының студиясына Дүниезада Абдуллаева деген әйел келіп, әншіден некесіз баласы барын мәлімдеді. Қазіргі таңда бала 1 жастан асқан. Есімі – Темірлан. Бағдарламаға келген бейтаныс әйел Адамның заң жүзінде көмектескенін және ұлымен араласқанын қалайтынын айтты.

«Оның нағыз әке болғанын қалаймын. Екеуміз бірдей жауапкершілік көтеруіміз керек. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын. Осы жағдайдан соң ол менімен де, баласымен де араласпайтынын түсінемін. Ол көмектессе деймін. Оның ұлымен араласқанын қалаймын. Бірақ ол олай жасағысы келмейді», – деді ол.

Жаныаманова
ғаламтордан

Рүстем Жаныамановтың жары, белгілі театр және кино актрисасы Жанаргүл Жаныаманова енді жұртқа ақыл айтпақ.

«Осы уақытқа дейін хейт болған жоқ, ол сіздердің риясыз махаббаттарыңыз екенін білеміз» деген актриса 10 жыл бойы жинаған білімін жұртпен бөліспек. Осы ретте ол «Бақытты болу өнері» атты экспресс-курс өткізуді жөн көріпті. Қызығы сол, Жанаргүл онда отбасылық құпияларымен бөліспек.