Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алматы, NEGE. Ертең еліміздің кейбір өңірінде суық температура сақталады. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Сондай-ақ, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы -15-20 м/с жетеді. Жұма күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Демалыс күндері жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады