Ауа райы құбылып тұр

Бүгін Қазақстанның басым облысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

 Алматы, NEGE. «Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, тек батысы мен шығысында жел күшейеді, орталығында – көктайғақ. Кей жерлерде тұман түседі», – делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -7-9, түнде -13-15.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз 1-3.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз 1 3, түнде -10-12.

Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -11-16.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -10-15.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз 2 7, түнде 0-5.

Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде –13-18.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -15-20.

Қызылорда облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4 1, түнде -7-12.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1 4, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4 1, түнде -10-15.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -12-17.

Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -12-17.

Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1-6, түнде -5-10.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -1 4, түнде -7-12.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде мұз қату ары қарай жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты