Атырауда есірткі сатпақ болған ШҚО мен Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды

Синтетикалық есірткіні сақтаған деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының 1981 ж.т. тұрғыны анықталды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткіның салмағы 64,2 гр Альфа-PVP екені белгілі болды.

Алматы, NEGE. ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен қатар Атырау қаласының Нұрсая ықшам ауданында “синтетиканы”аса ірі мөлшерде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысып жүрген 1987 ж.т. Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. 

Алынған зат салмағы гр  Альфа-PVP және 128,31 гр мефедрон синтетикалық есірткі екені анықталды. 

ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу әрекеттерң басталды. 

Күдіктілердің қаланың ықшам аудандарында тұтынушыларға арнап жасырып қойған бірнеше синтетикалық есірткі заттары тәркіленді.