Атырауда дәмханалардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін.

Алматы, NEGE. Атырау облысында 700-ге жуық қоғамдық тамақтану орны тіркелген. Олардың 400-ден астамы облыс орталығында, 300-ге жуығы ауылдарда орналасқан.

Бұған дейін мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты кешкі 20:00-ге дейін қысқарған еді. Осыған орай Атырау облысының кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағында қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс істеу уақытына қатысты мәселе қаралды. Жиынға мейрамханалар мен дәмханалардың иелері, сондай-ақ Атырау қаласы мен облысының бас санитарлық дәрігерлері қатысты. Кәсіпкерлер жұмыс уақытын сағат 20.00-ден 00.00-ге дейін ұзарту туралы мәселені көтерді.

«Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес мейрамханалар мен дәмханалардың жұмысына сағат 20:00-ге дейін ғана рұқсат етілген. Алайда, клиенттер кешкі сағат 20:00-ден 22:00-ге дейін. Бұл – қызметкерлер штатын ұстау, коммуналдық төлемдерді мен несиелерді төлеу, басқа да операциялық шығыстарды жабу үшін ақша таба алатын уақыт» -дейді кәсіпкер Нұрлан Мұқышев. 

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды