Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында бір отбасының қазасына қатысты резонанс тудырған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлады.

qamqor.gov.kz

Астана, NEGE. Негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев кінәсін мойындап, қазір Атыраудағы тергеу изоляторында сотты күтіп отыр.

Дереккөздердің мәліметінше, айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен толық танысып, төрт адамды өлтіргенін мойындаған.

Сәрсемәлиевке Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы «екі немесе одан да көп адамды өлтіру» бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар тергеу аясында Қылмыстық кодекстің 188 және 190-баптары бойынша «ұрлық» және «алаяқтық» деректері де тіркелген. Әңгіме қаза тапқан отбасының малын сату және олардың банк карталарындағы ақшаны иемдену туралы болып отыр.

Айта кетейік, өткен жылы 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданып, ағасы мен оның отбасы мүшелерінің бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпағанын хабарлаған. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

6 қаңтарда Атырау облысында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыпты – 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин мен 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиеваның мәйіттері ауылдағы үйінің қорасынан табылғаны хабарланды. Екі адамның өліміне отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, оған іздеу жарияланды.

Күдікті Сәрсемәлиев пен бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиева 24 ақпанда Индонезияның Ломбок аралында ұсталды. Олар 9 наурызда Атырауға жеткізілді.

Күдікті қылмысын мойындағаннан кейін қалған екі мәйіттің қай жерде көмілгенін көрсеткен. Жедел қызметкерлер оның айтқан жері – Геолог ауданында бұрын жалдап тұрған үйінің ауласын тексеріп, Наурыз бен Мирамгүлдің денесін тапты.

Қазір оқып жатыр

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты