Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері 1 наурыз күні өтетін UFC Vegas 103 турниріне қатысады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Асу Алмабаев аустралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы darteam.kazakhstan командасы хабарлады.

 – Біздің @darteam.Kazakhstan командамыздың жауынгері Асу Алмабаева наурыз айында UFC турнирінде Аустралиядан шыққан бұрынғы UFC титулына үміткер Стив Эрцегке қарсы жекпе-жек өткізеді, – деп хабарлады.

Стив Эрцег жеңілірек салмақта чемпиондық атақ үшін шайқасқан. Басты жекпе-жекте бразилиялық Алешандре Пантожаға есе жіберген. UFC рейтингінде қазір 9-орында тұр. Асу болса 7-орында келеді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін