Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Бакуде өткен UFC турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды жеңді.

@ufc/Instagram

Астана, NEGE. Жекпе-жек негізгі кард аясында ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтті. Бұл салмақтағы спортшылар 56,7 келіге дейін өнер көрсетеді.

Кездесу үшінші раундта аяқталды.

Осылайша, Асу Алмабаев UFC-дегі қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Жалпы, қазақстандық файтердің еншісінде 24 жеңіс және 3 жеңіліс бар.

Бакудегі турнирде тағы бір қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан да октагонға шықты. Ол жеңіл салмақ дәрежесінде бразилиялық Жан Мацумотомен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіліп қалды.