Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Астана, NEGE. «28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді», – делінген хабарламада. 

Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.