Астанадағы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдікті анықталды

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады