Астанадағы әлем кубогының кезеңі: Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды
Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогының кезеңі аясында жеребе тарту рәсімі өтті.
Алматы, NEGE. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің алғашқы қарсыластары анықталды.
Ерлер
50 келіге дейін
Санжар Тәшкенбай – Шодай Кото (Жапония)
55 келіге дейін
Махмұд Сабырхан – Шин Чжэен (Оңтүстік Корея)
60 келіге дейін
Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Аустралия)
65 келіге дейін
Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекель (Түркия)
70 келіге дейін
Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Орозбеков (Қырғызстан)
75 келіге дейін
Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)
80 келіге дейін
Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
85 келіге дейін
Бекзад Нұрдәулетов – Лахлан Лоусон (Аустралия)
90 келіге дейін
Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)/Малакай Джорджес (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен
90 келіден жоғары
Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
Әйелдер
48 келіге дейін
Назым Қызайбай – Приянка Диллон (Канада)
51 келіге дейін
Алуа Балқыбекова – Дженифер Лозано (АҚШ)
54 келіге дейін
Әнел Сақыш – Татьяна Обермайер (Германия)
57 келіге дейін
Айдана Забынбекова – Джули Рамадан (Аустралия)/Алиса Мендоса (АҚШ) жекпе-жегінің жеңімпазымен
60 келіге дейін
Виктория Графеева – Аяка Тагучи (Жапония)
65 келіге дейін
Аида Әбікеева – Дион Бурман (Ұлыбритания)
70 келіге дейін
Наталья Богданова – Чану Тхокчом (Үндістан)
75 келіге дейін
Надежда Рябец – Вивиан Дом Сантос Перейра (Бразилия)
80 келіге дейін
Гүлсая Ержан – Рани Пуйя (Үндістан)
80 келіден жоғары
Елдана Тәліпова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Айта кетейік, турнир 30 маусымда басталады. Күндізгі сессияның басталуы - сағат 14:00.
Әлем кубогының кезеңі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.