2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Астанада жұмысшы биіктен құлап қаза болды

Астанада жұмысшы құрылыс алаңында аспалы көтергіште жұмыс істеп тұрғанда биіктен құлап кетті.

freepik.com

Астана, NEGE. Астана полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 14 желтоқсан күні болған.

«14 желтоқсан күні құрылыс алаңында қасбет жұмыстарын жүргізу кезінде аспалы көтергіштің сымарқаны үзіліп кеткен. Ішінде болған 41 жастағы ер адам құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.