Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды
Оқыс жағдай бүгін, 8 қазанда Есіл ауданындағы Сарайшық көшесінде болған.
Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, автотұрақта тұрған жеңіл автокөліктен өрт шыққан.
«Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салсақ, 6 қазанда Астананың Сарайшық ауданындағы А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес автокөлік жанып кетті. Қатты желдің салдарынан бір-біріне жақын тұрған көліктерге жалын тез тараған.