USD
USD
USD

Астанада тұрақта тұрған бес көлік өртеніп кетті

6 қазанда Астананың Сарайшық ауданындағы А. Байтұрсынұлы көшесінде тұрғын үй кешенінің жанындағы автотұрақта бес автокөлік өртке оранды.

Өртке оранған автокөлік
Фото: ТЖД/видеодан кадр

Астана, NEGE. ТЖД ақпаратынша, құтқарушылар оқиға орнына жеті минутта жеткен. Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде, көліктердің барлығы ашық жалынмен жанып жатқан.

Қатты желдің салдарынан бір-біріне жақын тұрған көліктерге жалын тез тараған. 

Өрт сөндірушілер өртті жедел түрде сөндірді. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін көлік иелеріне мынадай кеңес береді:

  • техникалық байқаудан уақытында өткізіңіз;
  • электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнатыңыз;
  • әрқашан жарамды өрт сөндіргішті көлік салонында ұстаңыз;
  • қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын бақылаңыз;
  • көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамаңыз;
  • жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдаңыз.

Қазір оқып жатыр

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы

AI & Digital Bridge форумына бюджеттен бір теңге де жұмсалған жоқ – вице-министр

AI & Digital Bridge 2026

ШҚО-да алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған шенеунік 4 жылға сотталды

блогер соты

Дрон шабуылы: Қазақстан энергетика нысандарындағы қорғаныс жүйесін күшейтпек

Электр энергетика