18 октября 2025 г. 12:53

Астанада такси жүргізушісі адамдарды тасып жүріп, үзілісте есірткі жасырып келген

Фото: pixabay.com

Елорда полицейлері "есірткі жасырған" такси жүргізушісін ұстады. Жедел іс-шаралар барысында елордада есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 35 жастағы ер адам ұсталды.

Алматы, NEGE. Елорда полицейлері "есірткі жасырған" такси жүргізушісін ұстады. Жедел іс-шаралар барысында елордада есірткі заттарын заңсыз сатумен айналысқан 35 жастағы ер адам ұсталды.Такси жүргізушісінің автокөлігінен полицейлер шамамен 50 түйіншек мефедрон тәркіледі.

"Анықталғандай, күдікті жолаушыларды тасымалдаумен қатар, интернет-мессенджерлер арқылы тапсырыс алып, "тауарды" жеткізіп отырған. Ол есірткіні алғаннан кейін қаладағы түрлі аудандарға такси тапсырыстары арасындағы үзілісте "жасырып" кеткен", - дейді полиция.

Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция есірткіні заңсыз сақтау, тарату және делдалдық жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.