Астанада синтетикалық есірткі таратушылар тобы ұсталды

Жедел іздестіру шаралары барысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері елордада есірткі таратумен айналысқан топты ұстады.

Полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында 27 және 25 жастағы екі қатысушы есірткіні жеткізуге, қаржыландыруға және сақтауға жауапты негізгі ұйымдастырушылары екені белгілі болды. Топтың қалған мүшелері елорда аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан.

Тінту кезінде 330 бума есірткі заттары, электронды таразылар, көптеген магниттер мен қапшықтар табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құраған. Олар мефедрон, MDMA (экстези), Alfa PVP (скорость) сияқты синтетикалық препараттар.

Есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және тасымалдау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеуге жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды