Астана әкімдігі кеше өртенген көпқабатты үйді жөндеп береді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлады kazinform.

Жеңіс Қасымбек/Facebook

Алматы, NEGE. Бұдан соң қала басшысы «Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездестім. Өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясын құрамыз. Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз», — деп жазды ФБ парақшасында.

Одан бөлек, елорда әкімі өрттің себебін қаланың төтенше жағдайлар департаменті анықтайтынын мәлім етті.

Айта кетейік, кеше Астанада көпқабатты тұрғын үйдің 26-қабатынан өрт шыққан болатын.

Өртенген үйден 8 адам көшіріліп, арнайы штаб құрылды.

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды