Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қазасына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр.
Астана, NEGE. Атап айтқанда, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысына, қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстарына және Қазақстан халқына көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте қолдау білдіріп, жұбату сөздерін жеткізген әріптестеріне ризашылығын білдірді. Президент халықаралық қолдау мен тілеулестіктің мұндай кезде айрықша маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін Ресей Президенті Владимир Путин де марқұмдарға көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын. Мемлекет басшысы Владимир Путинге көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді. Әзербайжан мемлекеті де алғашқылардың бірі болып көңіл айтты.