USD
USD
USD

Тоқаев Путинге жауап берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді.

Халық Кеңесі
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Владимир Путин өз жеделхатын қайғылы оқиға орын алған күні жолдаған.

«Қазақстанның Каспийдегі Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты қайғыра көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарына шынайы көңіл айтуым мен қолдауымды жеткізуіңізді сұраймын. Ресей де олардың қайғысы мен қасіретін бөліседі», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үшін ауыр сәтте Ресей басшылығы мен халқының шынайы тілектестігі мен қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, 24 қыркүйек күні Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соққан. Салдарынан 17 әскери қызметші суға кетті. Олардың 12-сі қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі бап бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев

Қазақстан Теңіз үшін тартысты жалғастыра ма?

Теңізшевройл