Асқар Тоқпановқа ескерткіш қойылды

Жамбыл облыстық қазақ драма театрының алдына орнатылған Асқар Тоқпановтың ескерткіші ашылды. Бұл Жамбыл облысының 80 жылдығына арналып, қойылды.

Алматы, NEGE. Асқар Тоқпанов облыстық қазақ драма театрының негізін қалаған, ондағы шығармашылық ұжымының кәсіби біліктілігін жетілдіруге өз қолтаңбасын қалдырған елімізге танымал режиссер. Ескерткіштің лентасын КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов пен Қазақстан Театр қайраткерлері одағының төрағасы, Асқар Тоқпановтың шәкірті, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның халық әртісі, профессор Есмұхан Обаев қиды. Олар тұлға туралы есті естеліктері мен тағылымды ойларын ортаға салып, А.Тоқпановтың ескерткішінің облыстық театр алдынан ашылып отырғанын өте орынды шешім болғанын баса айтты. Ескерткішке ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, облыс әкімі А.Мырзахметов және бірқатар зиялы қауым өкілдері ықылас гүлін қойды.

Тұлғаның мүсінін белгілі мүсінші Момыш Сұлтан жасап шықты. Оның құрылысына танымал меценат «Super pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Қаймолдаев демеушілік еткен.

 Сондай-ақ, шара барысында А.Тоқпановтың өмірі мен шығармашылығы жөніндегі «Тоқпанов тұлғасы» атты естелік кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Қонақтар үшін А.Тоқпановтың қызмет жолы, еңбектері, наградалары, шәкірттері жайлы фотостенд ұйымдастырылып, тұлға туралы деректі фильм көрсетілді. Айта кетейік, бүгінде Жамбыл облыстық қазақ драма театрына қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, халық әртісі Асқар Тоқпановтың есімін беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Республикалық ономастикалық комиссиядан қолдау тапқан бұл ұсыныс бойынша қазір Үкімет қаулысының жобасы дайындалуда.  Театр режиссерінің мүсінін белгілі мүсінші Момыш Сұлтан жасап шықты. Оның құрылысына танымал меценат «Super pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Қайрат Қаймолдаев демеушілік еткен.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы