Асылхан Көшербай жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды

АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатқан U19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшы аустралиялық Купер Макконалмен алтын жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бокс федерациясы

Алматы, NEGE. 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Асылхан Көшербай финалдық бәсекеде жеңіске жетуге барын салды. Тартысқа толы кездесуде отандасымыз қарсыласынан бір бас жоғары болған. Аустралиялық боксшыны нокдаунға түсіріп, бұл жекпе-жекте кімнің үздік екенін көрсетіп баққан. Алайда төрешілер күмәнді шешім қабылдап, 2:3 есебімен жеңісті К. Макконалға берді.

Осылайша қазақстандық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты. Ал, Купер U19 жасқа дейінгі жастар арасындаәлем чемпионы атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 85 келі салмақ дәрежесі бойынша Даниял Райымбеков те күміс жүлдеге ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?