Арман Шораев: Бұл ешқандай да хайп емес

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Арман Шораев Ұлттық сенім кеңесінен не себепті кеткенін түсіндірді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Арман Шораев былай деп мәлімдеді: «Мен ұлттық сенім кеңесінің мүшесі бола жүріп, ешқашан мақтау айтқан емеспін. Ұлттық кеңес – уақытша құрылым. Уақыт өте келе, жабылады. Кеңес билік пен халық арасындағы байланыс құралы ретінде мені толық пайдаланды, өз миссиямды 200 пайыз орындадым деп есептеймін. Құрамнан шығатынымды Жаңа жылға дейін мәлімдегенмін. Өзімнің орныма бірнеше адамды атадым және соның бірінің аты-жөнін кеңес құрамынан көрдім. Осыған қуаныштымын. Менің ойымша, сөзұстар басқа да азаматтар бар. Мәселен, Жасыл энергетика ассоциациясының жетекшісі Арман Қашқынбаев кеңес құрамына кіргеніне қуаныштымын.

Ұлттық кеңеске мүше болу жайында ешқандай арыз жазған емеспін. Соған сәйкес, шығу жөнінде де арыз жазған жоқпын. Тек ауызша ғана келістім. Бірақ бұдан хайп жасаған жоқпын. «Көпірлерді өртеу» маған ұнамайды. Өйткені бізде келісім жүргізетін басқа билік жоқ» деді.  

Қазір оқып жатыр

Қаржы мониторингі агенттігінің желі қолданушыларын «аңдитыны» рас па?

Өскеменде полицейді жарақаттады деген күдікпен екі адам ұсталды

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды