Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Арқалық қаласының Ішкі саясат бөлімі тұрғындарға жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы бейбіт митинг өткізуге рұқсат берді.

Nege

Астана, NEGE. Бұл жөнінде митингті ұйымдастырушылар хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, бейбіт жиын 18 сәуір күні сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін Байтұрсынов көшесі мен Абай даңғылының қиылысындағы алаңда өтеді.

Еске сала кетейік, жуырда Мәжіліс қаңғыбас жануарларды ұстағаннан кейін бес күн ішінде ешкім іздеп келмесе, оларды өлтіруге мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады. Құжатта жануарлар санын реттеу үшін эвтаназия рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған. Сондай-ақ заң жобасында иесіз жануарларды мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялау нормасын алып тастау ұсынылған.

Бастаманы ұсынушылардың айтуынша, заң адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Алайда жануарларды қорғаушылар адамдарға көбіне қаңғыған иттер емес, үй жануарлары шабуыл жасайтынын алға тартуда. 

Қазір оқып жатыр

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған