Арыста тағы "сұмдық" болды

Түркістан облысы Арыс қаласында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды. Куәгерлердің видеосы Instagram желісіндегі v.shymkente парақшасында жарияланды.

Алматы, NEGE. Үш жігіт қызды автомобильге күштеп отырғызған. Куәгерлер жігіттерге қарсылық көрсетпек болған, алайда алып қашқандардың бірі куәгерді құлатып түсіреді.  Түркістан облыстық Полиция департаменті өкілдері оқиғаның Арыста 23 желтоқсанда болғанын хабарлады. Ер адам қызды үйлену үшін алып қашқан. Қыздың анасы арыз түсіріп, "Адам ұрлау" дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр екен. Ал қыз алып қашқан жігітке қарсы болып, қазіргі уақытта үйіне оралған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады