Антикор Қайрат Сатыбалды ісі бойынша 44,6 млрд теңгені қайтарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Антикор төрағасы Асхат Жұмағали Ел Президенті Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша құрылымдық және аумақтық департамент басшыларымен жедел кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестициялардың тағы бір көзі болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 2024 жылдың басынан бастап қосымша 44,6 млрд теңге қайтарылды.

Қазіргі уақытта қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебінен республикалық бюджетке жіберілді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?