Антикор ескерту жасады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаяқтар туралы ескертеді. 

vsejk.com

Алматы, NEGE. Антикор мессенджерлер (WhatsApp, Telegram мен басқа да байланыс арналары) арқылы жалған аккаунттар құратын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы мен орган қызметкерлерінің атынан қоңырау шалатын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін жеке тұлғалардың алаяқтық әрекеттері туралы азаматтарды ескертеді, деп мәлімдеді Антикор.

Алаяқтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Таратылып жатқан жалған ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сонымен қатар қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – деп толықтырды ведомство.

Аталған хабарламаларды алған жағдайда, осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау керек. Егер жемқорлық фактілеріне тап болсаңыздар, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлау қажет.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады