Антальяда арыстан тордан шығып, адамға шабуыл жасады

Түркияның Анталья провинциясындағы Манавгат курорттық ауданында тордан қашып шыққан арыстан жергілікті тұрғынға шабуыл жасап, ауыр жарақат келтірді. Қазіргі таңда жыртқышты ұстау операциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы Hurriyet басылымы хабарлады.

ғаламтордан

АЛМАТЫ, NEGE. Оқиға түнгі сағат 02:00 шамасында болған. «Зевс» есімді еркек арыстан D-400 трассасы маңындағы Lion Land хайуанаттар паркінен қашып кеткен. Таңғы 05:00-де ол саябақтан шамамен бір шақырым жерде жұмыс істеп жүрген жергілікті тұрғын Сүлейман Кырға шабуыл жасаған. Жарақат алған азаматқа шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жеткізілген.

Қазір арыстанды іздеуге жандармерия мен полиция қызметкерлері тартылып, арнайы дрондар пайдаланылуда. Билік Илыджа мен Кумкей аудандары арасындағы аймаққа жақындамауға шақырып, тұрғындарға ескерту хабарламалары таратты. Жыртқыш дәл осы аумақта жүруі мүмкін деген болжам бар.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады