Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Түркияның Анталия провинциясындағы Серик ауданында такси мен велосипед соқтығысып, Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды.

Кубат Аманбеков/IHA

Астана, NEGE. IHA басылымының мәліметінше, жол апаты түнгі сағат 03:00 шамасында Белек туристік жолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, А.С. есімді жүргізуші тізгіндеген такси 27 жастағы Кубат Аманбеков мінген велосипедпен соқтығысқан.

Қатты соққыдан кейін жас жігіт жолға ұшып түсіп, ауыр жарақат алған. Оқиғаны көрген куәгерлер жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Дәрігерлер оқиға орнына жеткен кезде Кубат Аманбековтің қайтыс болғанын анықтады.

Марқұмның Анталиядағы бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде даяшы болып жұмыс істегені белгілі болды. Оның мәйіті сараптама жасау үшін Анталия сот-медициналық сараптама орталығының мәйітханасына жеткізілді.

Ал такси жүргізушісі полиция бөліміне жеткізіліп, одан жауап алынған. Қазір жол апатына байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды