26 ноября 2025 г. 12:45

Әнші Мұқасан Шахзадаев ұсталды

Фото: Мұқасан Шахзадаевтың instagram парақшасынан

Жас әнші Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деп айыпталған Мұқасан Шахзадаев ұсталды. Бұл туралы әншінің қорғаушысы Инга Иманбай мәлімдеді.

Астана, NEGE. Бұған дейін адвокат Шахзадаевты полиция таппай жатқанын мәлімдеген. Алайда, қазір күдікті ұсталып, оған қатысты жедел тергеу әрекеттері басталған.

Инга Иманбайдың айтуынша, Мұқасан Шахзадаевтың әрекеті 107-баптың 2-бөлігі - алдын-ала сөз байласу арқылы, адамдар тобымен денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабына сәйкес келеді. Тергеу әрекеттері сол бойынша жүргізілмек.

Егер, Шахзадаевтың кінәсі толық дәлелденсе, 3 жылға дейін түрме жазасы тағайындалуы мүмкін.

Бұл жерде қасақана, алдын ала сөз байласу арқылы денсаулыққа зиян келтірілгенін және бірнеше күн бойы оның жауапкершіліктен қашып жүргенін ескерсек, ол міндетті түрде түрме жазасы болуы керек, біз соны талап етеміз, - деді адвокат.

Айта кетейік, «Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде өзін топтың бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев ұрып кеткенін мәлімдеген. Аталған іске қатысты Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық із қозғалғанын хабарлады.

Тегтер: