USD
USD
USD

Алматы полициясы әнші Мұқасан Шахзадаевқа қылмыстық іс қозғады

«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісі Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде өзін топтың бұрынғы мүшесі Мұқасан Шахзадаев ұрып кеткенін мәлімдеген болатын. 

әнші
Фото: Ernur.kz

Астана, NEGE. Оның айтуынша, рұқсатсыз әнін орындағаны үшін Мұқасан Шахзадаев достарымен бірге оны аяусыз соққыға жығып, қолы мен мұрнын сындырған. 

Аталған іске қатысты Алматы қаласы полиция департаменті қылмыстық із қозғалғанын мәлімдеді.

2025 жылдың 22 қарашасында Наурызбай аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын азамат М. және өзге де бірнеше тұлғалардың тарапынан оған дене жарақатын салу дерегі бойынша арызбен жүгінді. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ПД.

Сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. 

Ал, адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, Ғалымжанның қазіргі жағдайы ауыр. 

Мұқасан Шахзадаев тарапынан аяусыз соққыға жығылған қорғауымдағы азамат – танымал әнші әрі актер Ғалымжан мырзамен кездестім. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер қолының сынғанын, мұрнының сынғанын, бетінің қатты ісіп-көгергенін растады, – деді заңгер.

Сондай-ақ, ол алдағы күндері Ғалымжанға күрделі ота жасалатынын айтты. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында мейрамханаға барған жүзден астам адам ауруханаға түсті

улану

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов отставкаға кетті

Байсуфинов

Қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы қарыз бен кредитке батқан

Кредит

Оралда журналист Лұқпан Ахмедияровты полиция ұстап әкетті

Лұқпан Ахмедияров