Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің финалында жеңіліп қалды

Парижде өткен Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) жұптық финалында қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич екінші нөмірлі италиялық дуэт Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге жол берді.

ҰОК

АЛМАТЫ, NEGE. Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық спортшы Александра Круничпен бірге Францияның ашық чемпионаты – «Ролан Гаррос» турнирінің жұптық сында финалға шыққан болатын. Алайда шешуші ойында олар Олимпиада чемпионы атанған 2024 жылғы италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, бұл – Анна Данилинаның «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші финалы. Бұған дейін, 2022 жылы ол жұптық сында Australian Open турнирінің финалына шықса, 2023 жылы АҚШ-тың ашық чемпионатында (US Open) аралас жұптар арасында чемпион атанған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр