2 июля 2025 г. 12:18

Амнистияға ілінген қазақстандықтардың алғашқы легі бостандыққа шықты

Фото: Полиция

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады. 

Алматы, NEGE. Амнистияға іліккен бірінші адам Қостанай облысында бостандыққа шықты. 

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі колонияларда барлығы шамамен 2000 адам жазасын өтеп жатса, солардың 300-і рақымшылыққа іліккен. Бүгін, 2 шілдеде олардың алғашқылары бостандыққа шықты.

«Бұл оқиға – олардың өмірінде маңызды кезең, оларға бәрін жаңа парақтан бастап, қоғамдағы толыққанды өмірге оралуға мүмкіндік береді. Рақымшылық жай ғана қайырымдылық актісі емес, бұл – болашаққа салынған инвестиция, онда әрбір азамат түзеліп, ел дамуына үлес қосуға мүмкіндік алады», – деп атап өтті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері.

Рақымшылық аясында бостандыққа шыққандарға өмірге бейімделу жағынан қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу мен қажетті құжаттарды рәсімдеу жағынан көмек беріледі. Психологтар да өз қызметін ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 23 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды