Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. 51 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз 1/4 финалда И-Сюань Гуомен (Тайбэй) жұдырықтасты.

Алуа Балқыбекова алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) кем дегенде қола алады.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?