Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Мун Каенмен қолғап түйістірді.

Алуа бірінші раундтан-ақ қарсыласын қыспаққа алды. Екінші үшминуттықта да отандасымыз басым болды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңді.

Енді Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?