Алуа Балқыбаева әлем чемпионатының финалына өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының спортшысы Алуа Балқыбекова (50 келіге дейін) Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы Солтүстік Корея құрамасының атынан сынға түскен Ан Кум Бёлге қарсы кездесуді сенімді өткізді.

Балқыбекова шаршы алаңда шебер өнер көрсетіп, жақсы қорғана білді. Сонымен қатар оның шабуылдары дәлдігімен ерекшеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Назым Қызайбай (48 келі) мен Виктория Графеева (60 келі) да финалға жолдама алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек