Алтын Орданың 750 жылдығы атап өтілді
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №37 бөбекжай-балабақшасында Алтын орданың 750 жылдығына орай қалалық семинар болып өтті.
Алматы, NEGE. Семинарға қалалық мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің басшысы Лунара Масақбаева Тұрсынқызы және әдіскері Гүлназ Серікқызы, сондай-ақ, Алматы қаласының басқа балабақшаларынан педагогтар келді. Іс-шараның мақсаты Алтын Орданың тарихын мектеп жасына дейінгі балаларға қызықты әрі түсінікті етіп жеткізу еді.
Семинарды «№37 бөбекжай-балабақшасының «Сұңқар» мектепалды даярлық тобы «Денсаулық» білім беру саласы, дене шынықтыру оқу қызметімен ашты. Биыл Алтын Орданың құрылғанына – 750 жыл толып отыр. «Осыған орай балабақша ұжымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың 750 жылдығын лайықты атап өту және ұлыстың негізін қалаған Жошы хан есімін ұлықтау туралы сөздерін зор ықыласпен қабылдады», – дейді «№37 бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Айнұр Әлімбекова Батырбекқызы.
Балалар өздерін жауынгер ретінде сезініп, шайқасты қойылым ретінде көрсетіп шараның көркін аша түсті. Олар хас батыр ретінде негізгі жаттығуларды жасап, денелерін шынықтырды. «Жекпе-жек», «Туыңды тік» ойындары ойнатылды. Ал сүйінші сұраған әжей Алтын орданың төл теңгесін таратты. Сондай-ақ, бүлдіршіндер өнерін көрсетіп, педагогтар шеберлік сыныпқа қатысты. Ұстаз қауымы қолдан жасаған қуыршақтарына жан бітіріп, музыкалық нөмір көрсетті.