Алтын падишахы. Шахмұрат Мүтәліп НЕГЕ Қазақстан алтынын жинай бастады?
«Жаңа Қазақстанның» су жаңа олигархы, кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп биылдан қалдырмай Швейцарияның Glencore алпауытынан «Казцинк» өндірістік тобының 69,74 пайыз үлесін сатып алуы тиіс. Nege.kz дереккөзі Казцинктің жалпы құны 6 миллиард долларға бағаланғанын айтады. Онда Мүтәліп сатып алатын Glencore үлесінің бағасы 4,18 миллиард доллардың шамасында болатынын болжай аламыз.