29 сентября 2022 г. 17:13

Алматыны цифрландыру қай деңгейде?

Фото:

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаевтың айтуынша, AlmaU қалатану орталығының студенттері Цифрландыру департаментімен және Frontier.kz компаниясымен бірлесіп жаяу жүргіншілер қозғалысына кедергілерді, аудандардың коммерциялық мүмкіндіктерін, қоғамдық көліктің қолжетімділігін және негізгі құрылыстың морфотиптерін анықтау үшін Алматы қаласының аудандарына талдау жасаған.

Осы тұрғыда жетістіктерімен бөліскен Баян Қоңырбаев ақылды қаланы дамыту бойынша 3 жылдық жұмыстың қорытындысын айтып, мегаполистің болашақ қалалар тұжырымдамасын әзірлеуге ең дайын қалалар тізіміне енгенін жеткізді. Яғни, Орталық Азиядан тек Сеул, Сингапур және Алматы қаласы таңдалды.

Бұдан кейін Цифрландыру басқармасының басшысы «БКДҚ 112» Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің жобасы бойынша аяқталған жұмыстарға тоқталды. Бүгінде Әуезов көшесі, 82 мекенжайдағы ғимаратты реконструкциялау жұмыстары аяқталса, Алматы қалалық Құтқару қызметінің бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бекітіліп, Avaya техникасы көшірілді. Сондай-ақ, серверлік бөлмеге қосымша кондиционерлер орнатылып, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етілді. Барлық авариялық-құтқару қызметтерімен (101, 102, 103) БКДҚ -112 операторларын оқыту және мүмкіндігінше АЖ 101, 102, 103 АЖ EDDS-112 біріктіру жұмыстары басталып, бүгінде 162 операторды оқыту жоспарлануда.

Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаевтың айтуынша, қазір қалада бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет жобасын жүзеге асыру қарқынды жүріп жатыр. Ол АҚШ-тың 911 принципі бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл Дубайда да дәл солай: 101, 102, 103 жедел қызметтеріне арналған байланыс орталықтарының операторлары біріктірілсе де, қызметтердің өзінде Жедел басқару орталықтары сақталады.

Сонымен қатар, операторлар адамның орналасқан жері, нөмірдің кімге берілгені туралы ақпаратты, абоненттің толық картасын көреді. Баян Қоңырбаев Алматы қаласы бойынша БМБЖ бейнемониторингтің бірыңғай жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.   Оның айтуынша, бүгінде БМБЖ және ККМ (көлемді көрініс мониторы) бойынша 3050 камераға арналған бюджет бекітілді. Алматы қаласының ДП-мен бірлесіп ККМ камераларының қажеттілігі зерттеліп, аудандық әкімдіктермен бірлесіп камералар тізімі бекітілген әлеуметтік нысандар мекенжайлары көрсетілген тізім анықталды.

Бұдан басқа, 30 маусымда Мемлекет басшысы «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңына толықтыруларға қол қойғаны белгілі. Олар деректерді беру арналары үшін ақы төленген жағдайда Бизнестің бейнекамераларынан бейне ағындарын өтеусіз негізде жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мегаполисте 766 «Сергек» кешені жұмыс істейді, оның ішінде 383 АПК желілік учаскелерде және 383 АПК Алматының 8 ауданында барлығы 5034 камерамен қиылысқан жерлерде орналасқан.  

 Былтыр «Сергек» жүйесі бойынша 50 пайыздық жеңілдікті есепке алғанда бюджетке өндірілген жалпы сомасы 18 147 508 764 теңгені құрайтын 1 431 823 айыппұл тіркелгені белгілі. 2022 жылы (қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр) 150 мыңнан астам айыппұл тіркеліп, Алматы қаласының бюджетіне 2 146 918 431 теңге өндірілді. 2021 және 2022 жылдарға арналған бюджетке түскен кірістердің жалпы сомасы 9 964 038 270 теңгені құрады.   Бүгінде Алматы қаласында жобаны кеңейту мәселесі пысықталып, қосымша  «Сергек» кешендерін орнату көзделген.  

Тегтер: